"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Мариновка ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі КММ
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №2 села Мариновка отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

https://instagram.com/marinovka_2_zhbbm?igshid=4f3le0l0q03o

 

https://www.facebook.com/profile.php?id=100033165910628

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазіргі заман тәрбиешісі

30.09.2024

           Ұрпақ тәрбиесі – отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен

берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, тәрбие мен білімнің алғашқы дәні

мектепке дейінгі тәрбиеде беріледі.

Ал мектепте жан-жақты педагогика­лық өрісін табады. Әсіресе, бала­бақшадағы тәрбие бала

табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Бала бойындағы жақсы

қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне

бала­бақшаның маңызы зор екені белгілі.

       Отбасындағы ата-ананың ықыласы мен мейірімділігінен нәр алған бала балабақшада

тәрбиешінің шұғылалы шуағына бөленеді. Міне, осындай іргелі қарашаңырақтың бірі – Ақмола

облысы, Атбасар ауданы, «Мариновка ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

жанында орналасқан «Айгөлек» шағын орталығы. Ал осынау балабақшада талай бөбектің өсіп

жетілуіне, үлкен өмірге қадам басуына үлес қосып жүрген  тәрбиешілер бар.        

    Әрбір үйдің еркесінің қас-қабағына қарап, ас-ауқатын аузына тосып, жаялығын ауыстырып,

жағдайын жасайтын, олармен балаша сөйлесетін, солардың тілімен өмірге қадамды үйрететін

ол – тәрбиеші. Ал осы­нау маман иесі көп жағдайда ескерусіз де қалып жатады. Біз ұстаздар күні

қарсаңында осынау қызмет иесі туралы айтқанды жөн көрдік.

   «Айгөлек» шағын орталық тәрбиешісі Хуатбек Асылайдың бала тәрбиесімен айналысып

келе жатқанына 7 жыл болыпты. Асылай алғашқы еңбек жолын 2017 жылы Ақмола облысы,

Атбасар ауданы, «Мариновка ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ жанында

орналасқан «Айгөлек» шағын орталығынан бастады. Содан бері аз уақытта  бала жанының кілтін

тауып келе жатқан тәрбиеші бүгінде тәжірибелі маман, ұжымында сыйлы, әрбір іс-шараның бел

ортасында жүретін белсенді жан.

  Жұмысын жауапкершілікпен атқаратын ол мамандығын мақтан тұта­тынын айтады. «Біздің

өміріміздің мәні де, сәні де, салтанаты мен махаббаты, мәртебесі де бала. Бала – біздің болашағымыз.

Еліміздің ертеңі, келешегіміздің келбеті. Ол – әр шаңырақтың шаттығы, қуанышы, баға жетпес

бақыты. «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, алдыңдағы баламен үздіксіз жұмыс істеп, оларға

дұрыс бағыт-бағдар беріп, ертең еңбегіңнің нәтижесін көруде бір-бақыт», – деп үнемі айтып,

жұмысына ұқыппен қарап, жұмысын белсенді орындайды. Ата -ана тарапынанда Асылайға

ерекше лебізін білдіріп, сенімдерін жиі жеткізеді.

Асылайдың осындай тамаша ортада еңбек етіп жүргеніме қуаныштымын.. Бала жүрегі – кішкен­тай күй сандық.

Ол сандықтың кілтін тап­саң ғана ашылады. Тәрбиешінің қолында әр кез сол кілт жүруі керек.

                                                                      «Мариновка ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директоры Берден К.К

Просмотров: 346


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст