 
                                
             14.10.2024
                14.10.2024
        
Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда. Күзгі каникулы кезеңі 2024 жылдың 28-қазаны мен 3-қарашасын қоса алғанда жеті күнге созылады.
  Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары нылады.
  Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды:
• «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру аясында «Демалыста кітап оқимыз» мектепішілік іс-шарасы;
• «Буллинген қорғаны!» қауіпсіздік сабақтары;
• Мектеп оқушылары үшін «Күзгі асар» жәрмеңкесін өткізу;
• «Мектеп театрының» жұмысын ұйымдастыру ұсынылады.
  Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі қаупсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет.
  Айта кетейк, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретинде жолданады.